Бұқтырма су қоймасында сынған паром қайта жөнделді

124
көрілім

Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасында сынған паром қайта жөнделді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Самар мен Күршім аудандарының арасын жалғайтын «Қызыл ту» паром өткелінде қатынайтын «Ертіс» паромы сәуір айында істен шығып қалған болатын. Өткелде ұзын-сонар кезек қалыптаспас үшін оны Алтай ауданындағы «Одесса» паромы алмастырған еді.
ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта сынған паром қайта жөнделді.
«Жөнделген «Ертіс» паромы 7 мамыр сағат 16.00-ден кестеге сәйкес қатынай бастайды», - делінген ақпаратта.
Талғатжан Мұхаметбекұлы