Buqara.kz сайты ҚР бірінші Президенті мен Шығыс Қазақстанға арналған бірегей тарихи жобаны қолға алды

306
көрілім

2017 жылдың шілде айында кезекті іссапарымен біздің өңірге келген Нұрсұлтан Назарбаев „Мен Шығыс Қазақстанды жақсы көремін„, деген еді.

Қазақстан — Еуразия құрлығындағы ең ірі елдердің бірі. 2 миллион шаршы шақырым аумақта 14 облысы бар біртұтас мемлекет орналасқан. Оның әр өңірі өзінше ерекше.

Қазақстанның шығысы кен байлығымен, табиғи түрлілігімен, дамыған өндірісімен және жоғары деңгейлі білімімен ерекше. Қазақстанның бірінші Президентінің Шығыс Қазақстанға деген ерекше ықыласы жоқ жерден пайда болған емес. Бұл жолда ауыр күндер де, бірлесе жеткен жетістіктерге деген қуаныштар да, мақтаныш пен өзара құрмет те бар.

Біз, Қазақстан Президентінің өңірімізге ерекше назар аударған бірқатар тарих парақтарын еске түсіруді ұйғардық.