Чернобль апатын ауыздықтауға қатысқан азаматтарға төленетін бір реттік төлемақы мөлшері қандай?

654
көрілім
Мыңдаған адамға радиация азабын жылдар бойы тарттырған Чернобыль апатына биыл 31 жыл толды. Апат нақты орын алған 26 сәуір қай жылы болмасын бұл адамдар үшін қаралы күн екені белгілі. Осы қаралы сәтті бір мезет ұмыттыру мақсатында жергілікті жерлердегі билік органдары бюджеттерінің шама-шарқынша апатты ауыздықтағандарға арнап бірреттік төлемақылар беруді жөн көрген екен. Осы себепті газетіміздің бұл жолғы санында аудан, қала әкімдіктерінің апат зардабын жоюға арнаған көмегі жайлы жазып өтуді жөн көрдік.

Мұндай төлемақылардың әр аудан, қала бойынша жылда қарастырылатыны белгілі. Дегенмен, қаражаттың қолға тиетіні белгілі болса да, алатын ақшаның көлемі әркімді болса да қызықтыратыны рас.

Аталмыш төлемақыны тағайындауда аудан, қалалардың бюджет көрпесіне қарай көсілгені көрініп тұр. Биылғы жылы мұндай төлемақының ең жоғарғы көлемін Глубокое және Үржар аудандарының әкімдіктері тағайындаса, ең төменгі төлемақыны Тарбағатай ауданы табыстайтын көрінеді. Сондай-ақ, жоғарғы төлемақы жасауға Аягөз және Катонқарағай аудандарының да тырысқаны көрініп тұр.

Төменде оқырман назарына өңіріміздің аудан, қалаларында айтулы күнге байланысты қарастырылған қаржы жөніндегі ақпаратты ұсынамыз.

Қала, аудан атауы

Тұрғындардың санаты

Төлемақы көлемі

Өскемен қаласы Чернобыль апатын ауыздықтауға және ядролық сынақтарға тікелей қатысқандарға 65 000 теңге
Аягөз ауданы Чернобыль апатын ауыздықтауға және ядролық сынақтарға тікелей қатысқандарға 75 000 теңге
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендер 27 000 теңге
Глубокое ауданы Чернобыль апатын ауыздықтауға және ядролық сынақтарға тікелей қатысқандарға 100 000 теңге
Чернобыль және басқа да ядролық апаттардан мүгедек болып қалғандар мен олардың радиация әсерінен мүгедек болып қалған балаларына 20 000 теңге
Жарма ауданы Чернобыль апатын ауыздықтауға және ядролық сынақтарға тікелей қатысқандарға 65 000 теңге
Чернобыль және басқа да ядролық апаттардан мүгедек болып қалғандарға 29 000 теңге
Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандарға 5 000 теңге
Зайсан ауданы Чернобыль апатын ауыздықтауға және ядролық сынақтарға тікелей қатысқандарға 60 000 теңге
Сырқаты иондалған сәуле әсеріне ұшырағандығына байланысты мүгедектерге 24 000 теңге
Катонқарағай ауданы Чернобыль апатын ауыздықтауға және ядролық сынақтарға қатысқандарға 79 642 теңге
Көкпекті ауданы Чернобыль апатын ауыздықтауға қатысқандарға 30 632 теңге
Күршім ауданы Чернобыль апатын ауыздықтауға және ядролық сынақтарға тікелей қатысқандарға 60 000 теңге
Тарбағатай ауданы Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандарға 5000 теңге
Ұлан ауданы Чернобыль апатын ауыздықтауға және ядролық сынақтарға тікелей қатысқандарға 65 000 теңге
Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандарға 5000 теңге
Чернобыль және басқа да ядролық апаттардан мүгедек болып қалғандар мен олардың радиация әсерінен мүгедек болып қалған балаларына 24 000 теңге
Үржар ауданы Чернобыль апатын ауыздықтауға және ядролық сынақтарға қатысқандарға 100 000 теңге
Сырқаты иондалған сәуле әсеріне байланысты мүгедектерге 24 000 теңге

Азамат ТЕМІРБЕКОВ