Даниал Ахметов медицина саласының жас мамандарына пәтер кілтін табыс етті

759
көрілім

Өскемен қаласында қырыққа жуық медицина саласының қызметкерлері мен кезекте тұрған отыз екі қала тұрғыны баспаналы болды. Жаңа баспананың кілтін облыс әкімі Даниал Ахметов табыстады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов медицина қызметкерлері күнімен құттықтап, пәтерлердің кілтін ақ халатты абзал жан атанған жас мамандарына табыс етті.

Сіздер атқарып отырған ауқымды жұмыстарың үшін үлкен алғысымды білдіремін – деді Даниал Ахметов. – Біздің денсаулығымызды қорғайтын ақ халатты абзал жандар. Күнделікті жұмыс барысында, сіздер әр түрлі жағдайлармен кезігіп, адамның басына түскен ауыртпашылықты жеңілдетесіздер. Медицина саласының мықты болуына және тиімділігін арттыруға өз тарапымыздан бар күшімізді саламыз.

70-пәтерлі жатаханадағы баспана 29 жасқа дейінгі жұмыс істеп жүрген жастарға арналған. Жекешелендіру құқығынсыз, бес жыл мерзімге беріледі. Жалға алудың құны бір шаршы метрге 65 теңгені құрайды.

Бүгінгі таңда Өскемен қаласында 60-қа жуық медицина саласының мамандары жетіспеуде. Үстіміздегі жылы дәрігерлер мен жас мамандарға тағы 90 пәтерді бөлу жоспарланған. Бұл шара облыс орталығында он жылдан артық созылып келе жатқан, медицина саласы мамандарының тапшылығын жоюға септігін тигізеді деп күтілуде.