Даниал Ахметов: «Семейде қалаішілік автобустардағы жол жүру бағасы қымбаттайды, бірақ...»

764
көрілім

Бүгін Орталық коммуникация қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген аймақ басшысы Даниал Ахметов Семейде қалаішілік автобустардағы жол жүру құны көтерілетінін айтып өтті. Алайда билет бағасы автотасымалдаушылар белгілі бір талаптарды орындағаннан кейін ғана қымбаттамақ.

Облыс әкімдігі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Семейдегі барлық жолдарды ретке келтіруге бекініп отыр. Осыдан кейін автотасымалдаушылар ұсынатын қызметтің сапасына қатаң талап қойылмақ.

Жолға қатысты мәселе бар. Басында жолды жөндеуге 1,2 миллард теңге бөлінген. Кейін 3 миллиардға дейін қаражат бөлдік. Тасымалдың сапасына қатысты да мәселе жоқ емес. Ешкім де мінсіз күйдегі автобусты сатып алғысы келмейді. Тасымалдаушылар жол жүру графигін сақтамай жатады, – дейді Даниал Ахметов.

Мейрамбек Қосажан