Димаш Құдайберген 22 сәуір күні тікелей эфирде ән салады

517
көрілім
Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде «Singer» байқауының гала-концертіне қатысатынын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
— …Менің жанкүйерлерім! #TheSinger жобасының 22 сәуір күні тікелей эфирде дайындаған тосын сыйы бар Сіздерге! Дәл осы күні Сіздермен Гала концертте кездесемін! Жобаның аяқталғанына уайымдап жүрген жанкүйерлерім үшін бұл тағы бір ұмытылмас күн боларына сенімдімін! Әдемі ән тыңдап, жоба қатысушыларымен тағы бір мәрте жүздесе аласыздар!!! Кездескенше!», — деп жазды ол Инстаграмдағы парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қытайлық Хунань телеарнасының «Singer 2017» ән байқауының ақтық бәсекесінде екінші орынды жеңіп алды. Гонконг қаласының тумасы Лин Илиан (Sandy Lam) бірінші орынға, ал тайваньдық «Арыстан» (Lion) тобы үшінші орынға қол жеткізді. Өнер додасы 15 сәуір күні мәресіне жеткен болатын.
Мейрамбек ҚОСАЖАН