Дəрілерді қымбаттата сатқан медицина қызметкерлерін жазалайтын ереже бекітіледі

577
көрілім
фотосурет Tengrinews.kz сайтынан .

Денсаулық сақтау министрлігі Парламентке сырқат жандарға әдейілеп қымбат дәрілердің рецебін жазып беретін медицина қызметкерлерін жазалайтын ережелерді енгізбекші. Бұл өзгеріс биылғы жылдың күз айынан бастап іске қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Расында да ауру адамның басына түскен дерті аздай, дәрігерлер оларға бағасы удай қымбат дәрілерді жазып беріп жатады. Ал дәріханадағы фармацевтер де тұрғындарға ең алдымен бағасы жоғары дәрілерді ұсынады. Осы жайтты өзгерту үшін Денсаулық сақтау министрлігі жаңа ереже енгізуді қолға алды.

Бұл мәселе дәрі сатудың әдебіне байланысты туындауда. Сол үшін біз тиісті ережелерді енгізуді ұйғардық. Сол ережені Парламент арқылы бекітіп, дәрігерлердің, дәрі сататын фармацевтердің жауапкершілігін арттырмақпыз. Олар ауруға шалдыққан тұрғындарға ең алдымен қымбат дәрілерді ұсынбауы керек. Егер ереже бекітілгеннен кейін осындай фактілер орын алса, ол адам бірден жауапкершілікке тартылатын болады, – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Биртанов.N

Айбын Амангелдіұлы