ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілер саны 2 миллионға жуықтады

561
көрілім

10 маусымнан 30 шілдеге дейінгі аралықта ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 1 794 132 адам келді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

— 24-30 шілде күні ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесіне 309 832 адам, яғни орташа есеппен күніне 44 261 адам келді. Еске сала кетсек, көрме жұмысының алғашқы аптасында күніне 23 мың адам келген еді, — дейді «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі.

Осылайша, 10 маусымнан 30 шілдеге дейінгі аралықта Көрме келушілерінің саны 1 794 132 адамды құрады. Айта кетейік, бұған дейін Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілер саны 2 000 000, ал кіріп шығу көрсеткіші шамамен 5 000 000 болады деп болжанған еді.