Елімізде денсаулық күтіміне арналған мобильді қосымшалар іске қосылады

680
көрілім
Қазақстанда бала күтіміне және қамқор болуға арналған мобильді қосымшалар пайда болады. Мобильді қосымшаларды смартфонды телефоны бар кез келген адам Playmarket қызметінен жүктеп ала алады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР ДСМ республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының бас директорының м.а. Олжас Әбішев хабарлады.

Осыған ұқсас қосымшалар Ұлыбританияда, Австралияда, Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде пайдаланылады. 2017 жылдың соңына дейін патронаж мейіргері және жас ата-аналар кішкентай балаларға күтім көрсетуге арналған арнайы мобильді қосымшаларды пайдалана алады. Мобильді қосымшалар бүгінгі таңда Қазақстандағы Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы арасында қол қойылған келісім шеңберінде әзірленетін болады. «Патронаж мейіргері» мобильді қосымшасын пайдалану бала туралы деректерді толтыру бойынша жұмыстарды жүргізуді жеңілдетеді. Мейіргер үй жағдайында балаға және ата-анаға көбірек көңіл бөле алады, – деп хабарлайды Олжас Әбішев.