Еліміздің 114 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

369
көрілім

«Мигрант» жедел алдын алу шарасы барысында 2 күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 198 шетелдік (ҚР ӘҚБтК 517 бабы) әкімшілік жауапкершілікке  тартылып, оның ішінде 12 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, ҚР 114 азаматы шетелдіктердің  келуі туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 Шетел азаматының уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жүргені үшін 15 жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершіліктен жалтарып кете алмады.
- 8 маусымда шетелдікті заңсыз еңбек күшіне тарту фактісі анықталды. Үржар ауданында жеке тұлға Өзбекстан Республикасының 5 азаматы өзінің жекеменшік үйінің құрылысына тиісті рұқсат алмай жұмыс істеген. Көрсетілген құқық бұзушылық бойынша мемлекет кірісіне 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, ал шетелдіктер 3 күнге арнайы қабылдап-тарату мекемесіне орналастырылды, - деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.
Аталған алдын алу шарасын өткізу үшін облыс бойынша 424 қызметкер жұмылдырылды.