Глубокое ауданындағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты

757
көрілім

Глубкое ауданының Алтайский кентіндегі «Ертіс» шахтасында 1979 жылы дүниеге келген жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

KAZ Minerals тобының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 маусымда сағат 04:00 шамасында «Шығыстүстімет» ЖШС-нің Ертіс шахтасындағы №2 учаскенің 1979 жылы туған үңгушісі тау жынысының опырылуы салдарынан жарақат алып, көз жұмған.

Қазіргі уақытта бұл оқиғаның себептері анықталуда, арнайы комиссия құрылып, тергеу жұмыстары басталды.

KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады.