Глубокое ауданының Белоусовка ауылында жаңа «Street Workout» көшедегі жаттығу алаңы ашылды

668
көрілім

Балаларға жазғы демалыс қарсаңында белсенді демалыс пен ашық аспан астында спорттық жаттығу құралдарымен уақыт өткізу бақытын белоусовкалықтарға Шығыс Қазақстан облысының маслихат депутаты Кошелев Владимир Леонидович сыйлады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО білім басқармасына сілтеме жасап.

Street-workout – соңғы жылдары Қазақстанда, ең бастысы, қалалық жерлерде ғана емес, сондай-ақ ауылдардарда да танымал бола бастады. Ашық аспан астындағы гимнастика балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға, физикалық бітім мен салауатты өмір салтын сақтауға мүмкіндік береді. Оның негізіне қоссырық пен белтемірде жасалатын техникалық және күш жинақтауға көмектесетін жаттығулар кіреді.

Осындай бірегей ашық аспан астындағы зал Белоусовка ауылында да ашылды. Аталған ауылдың жастары бірнеше жыл бойы жеңіл атлетика бойынша аудандық жарыстардың көшбасшысы саналады. Сондай-ақ, мектеп өзінің футболшылары мен баскетболшыларымен де мақтана алады. Осындай ашық аспан астындағы жаттығу залының ашылуы спорт әлеміне оқушыларды көптеп тартуға және салауатты өмір салтын сақтауға септігін тигізері анық.

2017 жылдың 25 мамырында Белоусовка ауылының «№1 Белоусовка орта мектебі» КММ аумағында ашық аспан астындағы жаттығу залының ашылуы салтанаты өтеді.