ХҚКО жанындағы «Делдалдар» несімен қауіпті?

349
көрілім
Шартты фотосурет

Өңірдегі халыққа қызмет көрсету мамандары электронды қызмет алуда алдап соғудан тайынбайтын делдалдардың қауіптілігі жөнінде мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көп жағдайда «Делдалдардың» немесе Egov.kz-тен қызметті алу үшін ақысына көмектесуге дайын компанияларды кездестіргеніңіз сөзсіз. Мұндайда алаяқтардың құрбаны болу қаупі бар. Облыстағы ХҚКО мамандарын ЭЦҚ-ны бөтен адамдарға неге беруге болмайтынын түсіндірді.

ХҚКО мамандары алаяқтардың кез келген адамның жеке кабинетіне кіру арқылы келесі әрекетке бара алатындықтарын мәлімдеді:

- заңды және қаржылық мәмілелер жасау;

- сіздің көлігіңізді немесе жылжымайтын мүлікті басқа адамға қайта ресімдеу;

- сіздің тұрғын үйіңізге бейтаныс адамды тіркей алады.

- Есіңізде болсын, әр ХҚКО-да өзін-өзі қызмет көрсету секторы бар, онда фронт-офис қызметкерлері сізге қажетті мемлекеттік қызметтерді портал арқылы тегін алуға көмектеседі. Сонымен қатар "Азаматтарға арналған үкіметтің" ресми Youtube-арнасында ең танымал мемлекеттік қызметтер бойынша бейне нұсқаулықтар бар, - деп түсіндірді облыстық филиалдың баспасөз хатшысы Мөлдір Заруетқызы.

Егер өз ЭЦҚ-ңызды жоғалтып алсаңыз, бірден жаңасын жасатыңыз және «ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының» жеке кабинеті арқылы жоғалған кілттерді қайтарып алыңыз.