Иесіне қайтып оралды

235
көрілім

Облыс орталығының тұрғындары Михаэлис көшесінің бойынан иесіз жүрген күзенді көріп қалған. Жануарды далада панасыз қалдыруды қаламаған қалалықтар оны ветеринарлық емханаға апарып тапсырды, деп хабарлайды газет тілшісі YK-news.kz сайтына сүйене отырып.

12 тамыз күні Алексей Ануфриев үйіне қайтып келе жатып көпқабатты үйлердің бірінен ерекше түсті жануарды байқап қалады. Жақындап келген ол хайуанның кәдімгі күзен екенін таниды. Жануар адамнан қорықпайтын болып шықты. Ер адам дереу үйінен мысыққа арналған қол сөмкесін алып шығып, жануарды ішіне салып алады.

Дегенмен күзенді өзінде қалдыруға жүрегі дауаламаған Алексей оны ветеринарлық емханаға тапсырды. Көп ұзамай әлеуметтік желі арқылы жануардың иесі табылды. Өзін иесімен деп таныстырған Николай күзеннің есімі Жулик екенін айтты. Оның айтуынша, күзен бірінші қабаттағы пәтер терезесінің москит торын жыртып шығып кеткен көрінеді.

Ерлен ОСМАНОВ