Қаңтар оқиғасы кезінде Өскеменде үш адам қаза болған – ШҚО прокуратурасы

604
көрілім
Фотосурет Abai.kz сайтынан

Прокуратура таратқан мәліметке сәйкес қаңтар айының 5-і күні үш адамды облыс әкімдігінің алдында өлтірген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кеше Бас прокуратура еліміздегі қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандардың тізімін ұсынды. Ұзын-саны – 238 адам. Құзырлы орган өкілдері тізімге енген үш адамның өңір тұрғындары екенін растады. Олар А.М.Алдашов, Қ.Қабылқанов, Ж.Есенжол.

– Бұларды облыс әкімдігі алдындағы алаңда өлтірді. Оларды өлтіру фактісі бойынша іс тергеуге жіберілген, – деді прокуратурадағылар.