Қарауылда Құнанбайдың ескерткішін орнату мақсатында арнайы қор құрылды

697
көрілім
Абай ауданының орталығында Құнанбай қажының ескерткішін орнату мақсатында арнайы қор құрылып, қажетті қаражат халықтың күшімен жиналуда. Бұл жайлы ШҚО Ақпараттық орталығында бүгінгі өткен баспасөз брифингі барысында Абай ауданының әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды buqara.kz сайтының тілшісі.

Құнанбай қажыға арналған ескерткішті орнату үшін құрылған қор жергілікті тұрғындардың, кәсіпкерлер мен демеушілердің қолдауымен жинақталуда. Ескерткішті жасайтын мүсіншіні де белгілеп қойдық. Бұйыртса, биылғы жылдың тамыз айына дейін Құнанбай қажының ескерткішін Абай ауданының орталығына орнатсақ деген жоспар құрып отырмыз, – дейді аудан әкімі.

2016 жылы Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» фильмі жарық көргеннен кейін Абай ауданының жұртшылығы әкімдіктен Құнанбай қажының ескерткішін орнатуды сұраған екен.

Талғатжан Мұхамадиев