Катонқарағай ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

72
көрілім
Фото-видео katonkaragai.semi парақшасынан

Ұлттық парк қызметкерлері түз тағысы көзге іліккен бейнежазбамен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мамандар мұның алдында Аршаты орманшылығында байқалған қар барысын мысал етті. Айтуларынша, ол 2022 жылы фототұзаққа түскен.
- Енді содан кейінгі сәттерді бейнежазба ретінде әзірлеп, бөлісетін уақыт жетті, - делінген Катонқарағай Ұлттық паркі ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімі ұсынған мәліметте.

Әділхан ЕСІМХАНОВ