Қазақстан халқының нақты саны 2020 жылы есептеліп шығарылады

572
көрілім

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов келесі жылдан бастап Қазақстанның екі облысында халық санағы жүргізіле бастайтынын хабарлады. Осылайша, 2020 жылға қарай Қазақстан халқының нақты саны есептеліп шығарылатын болады.

Бүкілхалықтық соңғы санақ 2014 жылдың 1 мамырында белгілі болған. Ол тұстағы көрсеткіш бойынша Қазақстан халқының саны 17 миллион 224 мың 400 адамды құраған еді.

Ұлттық санақ – бұл өте ауқымды жұмыс. 2018 жылы жоспар бойынша Қазақстанның екі өңірінде санақ жүргізіледі. Алдын ала болжам бойынша, ең бірінші болып Ақмола облысының Бурабай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданын таңдап отырмыз, – дейді Нұрболат Айдапкелов.

Жауапты төрағаның айтуынша, санақ заманға сай соңғы технологиямен іске асырылады. Атап айтқанда, санақтың 30 пайызы интернет арқылы, 70 пайызы қағаз жүзінде жүргізілмек.

Ал google-дың мәліметінше, 2016 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстанда 1 миллион 395 мың 797 адам тұрып жатыр.

Аян Өрібаев