Қазақстанда алдағы уақытта темекі мен алкоголь бағасы қымбаттайды

392
көрілім

Темекі және алкоголь бағасы өсуі мүмкін деп күтілуде. Елдегі бұл тауарлардың бағасының қымбаттауы акциздерді көбейту арқылы жасалмақ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Sputnuk Казахстан-ға сілтеме жасап.


– Жаңа мемлекеттік жоба бойынша алдағы бес жылда Денсаулық сақтау министрлігі темекі мен алкогольге қатысты акциздерін көтеруді бастамақ. Бұл өз кезегінде бюджетке емес, медициналық сақтандыру қорына түседі, – деді Елжан Біртанов DIGISTAN бағдарламасының түсірілімінде.


Жүргізушілердің бағасы қаншаға көтеріледі деген сұрақтарына министр тиісті есептер әлі жүргізілмегенін мәлімдеді.
Елжан Біртановтың айтуынша, ол жағы әлі белгісіз. Бірақ бастысы, акциздер есебінен бағаны көтеру. Бұл тұтынуды төмендетеді. Ал сол қосымша қаржы медицинаға түседі.


Сонымен қатар елімізде кәмелетке толмағандар мен жастар арасында темекі өнімдері мен алкогольді пайдалануды төмендету қажет.
Мұнымен қоса, салалық басқарма парламентке адамдар көп жерде кальян мен темекі шегуге тыйым салу мәселелері бойынша заң жобасын енгізгенін айтты. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Денсаулық сақтау министрлігі оларды пайдалануға тыйым салмақ ниетте.