Қазақстанда биыл 100 мың тоннаға жуық кондитерлік өнім өндірілді

227
көрілім
Фото:allchocо сайтынан

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, республика аумағында шоколад және кондитерлік өнімдер өндірісі 11,3%-ға өсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Желтоқсан айының 27-і күні ұсынылған ресми ақпаратқа сүйенсек, 2023 жылдың қаңтар-қараша аралығында елімізде шоколад пен қанттан әзірленген кондитерлік өнімдердің 97,5 мың тоннасы өндірілді. Бұл 2022 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 9,9 мың тоннаға артық.  
- Өткен жылғы 11 айдың ішінде барлығы 87,6 мың тонна шоколад пен кондитерлік өнім өндірілген. Былтырмен салыстырғанда  өндіріс көлемі 11,3% -ға өсті. Соңғы 10 айдың қорытындысы бойынша, ішкі нарықта 155,9 мың тонна  шоколад пен кондитерлік өнімдер сатылды. Оның ішінде 30 мың тонна тәтті өнім экпортталды, -  делінген мәліметте.
Айта кетерлік жайт, Қазақстан шоколад өндірісінің едәуір бөлігін экспортқа шығарады.