Қазақстанда халық саны бір жылда 239,2 мың адамға артты

647
көрілім
Фотосурет - inform.kz сайтынан.

2016 жылдың 1 маусымындағы мәліметпен салыстырғанда биыл халық саны 239,2 мың адамға немесе 1,3% өсті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 жылдың 1 маусымында еліміздегі халық саны 18 014,2 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар — 10 358,0 мың (57,5%), ауылдықтар — 7 656,2 мың адамды (42,5%).

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-мамырда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 36,3% көбейіп, 7 204 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 4,0% көбейіп, 10 975 адамды құрады, көші-қонның айырымы -3 771 адам болды.