Қазақстандықтар газға 12 млрд теңге қарыз

543
көрілім
Фотосурет - Times.kz сайтынан.

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры Манас Тасыбаев ел тұрғындарының газға 12 млрд теңгеге қарыз екенін айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

— Біз жыл сайын осы проблемамен бетпе-бет келеміз. Мысалы, өткен жылы жылыту маусымының соңында газға қарыздың мөлшері 21 млрд теңгені құрады. Бұл біздің компанияға салмақ түсіреді. Қазіргі таңда біз ол қарыздың мөлшерін 12 млрд теңгеге азайттық. Алда жылыту маусымы келе жатыр. Бұл жағдай біздің компанияға кедергі келтіруде. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан аталған мәселеге қатысты тиісті жұмыстар жүргізілуде», — деді ол.

Осы орайда компания директоры қандай мекемелердің газға қарызы көп екенін айтты.

— Қарызы көп мекемелердің қатарына отын-энергетикалық кешендер жатады. Бұл жағдай біздің тұтынушыларға кері әсерін тигізбейді. Алайда газдың қарызын өтемей жүрген тұтынушыларға ескерту жасағым келеді. Олар газсыз қалуы мүмкін. Көрсетілген қызмет үшін ақша төлеу керек. Өкінішке қарай, тұрғындар да газға қарыз. Біз осы мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатырмыз, — деді Манас Тасыбаев.