Қазақстанның 300-ге жуық азаматы полицияға шетелдіктер туралы хабар бермегені үшін жауапқа тартылды

457
көрілім

«Мигрант» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында 7 күн ішінде халықтың көші-қоны туралы заңнамасын бұзғаны үшін 865 шетелдік (ҚР ӘҚБтК 517 бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 37 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметіне сәйкес көш қон заңнамасын бұзған еліміздің 293 азаматы әкімшілік жауапкершіліктен тайқып кете алмады. Олардың айыбы, көшіп келушілер туралы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпеген.

- Шетел азаматының уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жүргені үшін 40 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жедел алдын алу шарасы аясында қос азаматтықты иемденуі бойынша 3 факт тіркелді. 12 маусымда Ұлан ауданында тұрғын үй құрылысының объектісін тексеру кезінде еңбек қызметін жүзеге асыру рұқсатынсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының 4 азаматы анықталды, - делінген мәліметтер.

Жұмыс беруші ҚР ӘҚБтК 519-бабы, 30 АЕК айыппұл түріндегі, шетелдіктер ҚР ӘҚБтК 517-бабы 5 бөлігіне сәйкес үш күнге қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Мигрант» ЖААШағымдағы жылдың 16 маусымына дейін жалғасын табады.