Қазгидромет: ШҚО-да алдағы демалыс күндері найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады

638
көрілім

Шығыс Қазақстанда алдағы сенбі және жексенбі күндері жаңбыр жауады. «Қазгидромет» РМК осылай деп болжам жасап отыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, сенбі күні, яғни 23 сәуір күні ауа температурасы күндіз +27…+29 аралығында болады. Ал жексенбі күні термометр көрсеткіші +25… градусқа төмендеуі ықтимал. Қазгидрометтің болжамына сәйкес, демалыс күндері ШҚО аумағында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.