Кәмелетке толмағандар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі

574
көрілім
Фотосурет центр-семьи-минусинский.рф.
2017 жылдың 27-29 маусымы аралығында Өскемен қаласы аумағында «Жұмыспен қамту» акциясы өткізіледі, деп хабарлайды Бұқара.кз тілшісі Қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басты мақсаты ішкі істер органдарының есебінде тұрған және қолайсыз отбасыларда тәрбиеленіп жатқан кәмелетке толмағандарды қаланың сыртындағы жазғы және мектеп жанындағы лагерьлердің, спорт секцияларының жұмысына және басқа да ұйымдастырылған нысандарына тарту болып табылатын акция аясында жас жеткіншектер мен олардың ата-аналары арасында бейтаныс адамдармен сөйлесу кезіндегі қауіпсіздік ережелері жайы талқыланады.