Кенеден сақ болыңыз!

237
көрілім

Санитарлық дәрігерлер эпидемиологиялық маусымның жақындауына орай қауіпті вирус жұқтыратын кенелердің қай аудандарда көп болатынын хабарлады.

Кене сәуірден бастап пайда болады. Облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті аталмыш жәндіктердің кене энцефалиті тәріздес қауіпті ауруларды тарататынын баса айтты.

- Шығыс Қазақстан өңірі өте қауіпті аумаққа жатады, өйткені мұнда кене энцефалитімен ауырғандар республиканың орташа көрсеткішінен екі есеге асып түседі, - деп қосты департамент өкілдері.

Өскемен, Риддер қалаларының маңайы, Глубокое, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті (Самар аумағы), Ұлан және Шемонаиха аудандарының аумағы кене энцефалитінің табиғи ошақтары болып саналады.

Ерлен ОСМАНОВ