Кинотеатрға билет еліміздің қай өңірінде ең қымбат?

570
көрілім
Фото:www.lada.kz сайтынан

Өскемен кинотеатр бағасы бойынша Түкістаннан кейінгі екінші орында, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазан айында елімізде кинотеатр билетінің бағасы орта есеппен
2 023 теңгені құрады. Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда 14,1 пайызға қымбат болып шықты. Бұл туралы EnergyProm агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.
Бағаның күрт өсуі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді, онда билет бағасы 43,7 пайызға қымбаттаған. Бағаның көтерілуі жағынан елімізде көш бастап тұрған өңірлердің қатарына Қызылорда мен Абай облыстары кірді.
Түркістанда бір билет 2 746 мың теңге болса, Өскеменде 2 699 теңге.
Ал ең арзан билеттер Қарағандыда сатылады. Онда бір билеттің бағасы – 1357 теңге.
Әлемдік рейтингті айтар болсақ, Қазақстан 99 елдің ішінде билеттің арзандығы бойынша 31 орында тұр. Оның үстіне рейтингке қатысушы ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Армениядан кейінгі төменнен санағанда екінші орында.