Күміс жүлде еншіледі

341
көрілім

Шығысқазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов Марокконың Агадир қаласындағы әлемдік Гран-при кезеңінде жоғары нәтиже көрсетті. 66 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған спортшымыз Франция, Ресей елдерінен келген қарсыластарын тізе бүктіріп, екінші орынды иеленді.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, жарыстың алғашқы күнінде татамиге жеңіл салмақтағы Палуандар шықты. Бұл сында Ұлттық құрама сапындағы шығысқазақстандық Ерлан Серікжанов жарыс жолына беттеген болатын. ШҚО спортшысының алғашқы қарсыласы Франция елінің өкілі Алистер Вард, екінші айналымда тәжірибелі ресейлік спортшы Михаил Пуляев болды. Ал жартылай финалдық кездесуде ол словениялық Адраз Жеребті айқын ұтып, алтынға таласу мүмкіндігіне ие болды. Алайда, ақтық сында Ерлан Серікжанов серб Андряно Гомбичемен жолығып, қосымша уақытта «вазари» ұпайымен есе жіберіп алды.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ