Курчатовта материалдарды зерттеу қондырғысы іске қосылды

536
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласы ҚР Ұлттық ядролық орталығында ҚТМ Қазақстандық материалтану токамагы қондырғысын физикалық іске қосудың бірінші кезеңі бастау алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Осы бірегей жоба Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның атом ғылымын дамыту және әлемдегі ITER-дің (International Thermonuclear Experimental Reactor) бірінші термоядролық реакторы халықаралық жобасын қолдау мақсатында Ресей Федерациясымен тығыз ынтымақтастық жасай отырып іске асырылды.

«Қазақстандық Токамак» — термоядролық реактордың жоғары температуралы режимінде жұмыс жасайтын материалдарды зерттеу және сынауға арналған әлемдегі жалғыз қондырғы болып табылады.

Термоядролық энергетика — экологиялық таза, орасан зор отын қорлары бар қауіпсіз жаңа энергия көзі. Бұл дәстүрлі көмірсутекті энергия көздерін ауыстыруға мүмкіндік беретін, адамзаттың энергетикалық түйінді мәселелерінің шешімі болып табылады.

Реакторлық материалтануға арналған әлемдегі бірінші технологиялық токамакта бірлескен зерттеулер жүргізу Қазақстанның дүниежүзілік термоядролық бағдарламада жетекші орындардың бірін алуға мүмкіндік береді.