Күршім ауданы аумағында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде

383
көрілім

 Іс-шара барысында Күршім ауданы аумағындағы мекемелер тексерілмек, деп хабарлайды сайтының тілшісі.
Көші-қон заңнамасын қасақана бұзатын адамдарды анықтау мақсатында полиция қызметкерлері осыған дейін шетел азаматтары болуы мүмкін орындарға тексеру жүргізді.

- Шетел азаматтарының жалдамалы еңбегін заңсыз пайдаланатындардың тұрғын үй секторына, құрылыс нысандарына, базарларға, ұйымдар мен заңды тұлғалардың мекен-жайына рейд ұйымдастырып, автокөліктер жіті тексерілмек, - делінген мәліметте.