Күршім ауданына салынатын көпірдің жобасы әзір

617
көрілім

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Күршім ауданындағы «Қызыл ту» өткеліне көпір салу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып берді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Көпір салуға бюджеттен қаражат бөлінеді. Бірақ біз басқа жолдарын да қарастырып жатырмыз. Атап айтқанда, шетелден инвестор тарту көзделген, – деді ол.

Аймақ басшысының айтуынша, қазір тендр өткізу жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірге Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір құрылысына қаржы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырған болатын.