Күршім ауданында атыс қаруы тәркіленді

721
көрілім

Маусым айының 2-сі күні Күршім АПБ Марқакөл КПБ ЖПҚТ қызметкерлері «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы барысында атыс қаруын тәркіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мамыр айының 14-і күні Төсқайың ауылдық округіне қарасты ауылдың бірінде белгісіз біреудің мылтық атқандығы туралы ақпарат келіп түскен.

- Осы оқиға бойынша іздестіру шараларының нәтижесінде көшеде оқ атқан 1992 жылғы ер адам екендігі анықталды. Тексеру барысында үйінен тегіс ұңғылы, дара ауызды, 12 калибрлі атыс қаруы алынды. Аталған оқиға Күршім АПБ АЕК тіркеліп, алынған қару сараптамаға жолданды, - делінген мәліметте.