Күршім ауданында балық аулауға тыйым салу мақсатында рейд жүргізілуде

430
көрілім

«Тораңғы» шығанағындағы рейд заңсыз балық аулаудың алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 Күршім аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімшесі табиғатты қорғау полиция тобының инспекторлары ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл отряды» КММ инспекторымен бірлесіп, «Наурыз мейрамы» демалыс күндерінде жыл көлемінде балық аулауға тыйым салынған "Тораңғы" шығанағына рейдтік іс-шара жүргізуде.
— Құрметті аудан тұрғындары және қонақтары, балық аулауға тыйым салынған орында балық аулауды жүргізу әрекеттері Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 383-бабы, 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасау әрекетімен әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жеке тұлғаға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, — дейді тәртіп сақшылары.