Мамыр айынан бастап Өскемен қаласындағы саябақтар жазғы жұмыс режиміне көшеді

705
көрілім
Мамыр айындағы мерекелерден бастап облыс орталығындағы саябақтар жазғы жұмыс режиміне көшіп, келушілер үшін уақыт екі сағатқа ұзармақ, деп хабарлайды buqara.kz сайтының тілшісі.

Сәуір айында біз Солжағалау мұражай кешенінің, «Жастар» және Жамбыл Жабаев атындағы саябақтың жұмыс кестесін қарастырамыз, – дейді ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафты мұражай-қорығының директоры Николай Зайцев. – Мамыр айында біздің саябақтар таңертеңгі 08.00-ден бастап кешкі сағат 22.00-ге дейін, ал Солжағалау кешені таңғы 06.00-ден кешкі сағат 22.00-ге дейін келушілер үшін ашық болмақ.

Ерлен Османов