Мамыр айында неше күн демаламыз?

999
көрілім

Мамыр айында қанша күн демалатынымыз белгілі болды. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, 2017 жылдың мамырында қазақстандықтар 11 күн демалады.

2017 жылы «Қазақстан Республикасындағы мереке және демалыс күндер» күнтізбесінен белгілі болғандай, Қазақстанда 1 Мамыр Бірлік күні, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні аталып өтеді. 1 Мамырдағы мереке күні дүйсенбіге сәйкес келіп тұрғандықтан, осы күн демалыс болады. 7 Мамыр жексенбіге сай келгендіктен, қазақстандықтар дүйсенбі, яғни 8 мамырда демалады. 9 Мамыр да сейсенбіге келетіндіктен, бұл күн де демалыс күні болып белгіленіп отыр, – деп хабарлайды ақпарат көзі.
6-9 мамыр аралығы – үздіксіз демалыс күні. Мамыр айындағы мереке күндерін демалыстармен қосқанда қазақстандықтар қосымша тағы үш күн демалады.

Мейрамбек Қосажан

Фотосурет: Tengrinews.kz