«Nur Otan» партиясы ШҚОФ Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті

376
көрілім

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру аясында облыстағы колледж студенттеріне арналған жатақханалар құрылысының барысы және «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру мақсатында көпбалалы аналарды қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылды. Сонымен қатар "Елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмыстардың жүргізу барысы бойынша тиісті басқарма басшыларының есебі тыңдалды.

– Отырыс барысында Саяси кеңес Бюросы мүшелерінің келісімімен «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің, Партиялық бақылау комиссиясының, мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» кеңесі сынды бірқатар қоғамдық кеңестердің жаңарған құрамы бекітілді, – дейді «Nur Otan» партиясы ШҚОФ баспасөз хатшысы Тәттімбек Асханұлы.