Облыс аумағында қасқыр көбейді

149
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Соңғы уақытта ауыл-аймақтардың маңын жағалаған ұлыманың жортуы жиілеп кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Орман және аңшылық шаруашылығы жедел әрекет ету бөлімі» өкілдерінің мәліметінше, түз тағысы Ұлан ауданына қарасты Алғабас, Тарғын, Ізғұтты Айтықов ауылдарының шетінде жиі кездеседі.
- Себебі, жыртқыштардың қарасы молайған. Олардың санын реттеп, ауыл тұрғындарының арыз-шағымдарына жедел жауап беру үшін біз қасқырларды тікұшақпен ату мәселесін қарастыруымыз керек. Өйткені көліктер бара алмайтын жерлерге  тікұшақты жұмылдыру тиімді, - дейді мекеменің баспасөз қызметіндегілер.
Жедел топ өкілдері қасқыр өте сақ жыртқыш болғандықтан, адаммен кездесіп қалу ықтималдылығы аз деген қорытынды жасады.