Облыс орталығының Республика алаңында «Oskemen-2017» кеші өткізіледі

737
көрілім

17 маусым күні өскемендіктер мен қала қонақтары ашық аспан аясында өтетін «Oskemen-2017» шоу кешіне қатыса алады. Кеш барысында ниет білдірген дүйім жұртқа көпке танымал «Diana» тобы өз өнеріп паш етпек, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы сенбі күні Республика алаңында Open Air стилінде ұйымдастырылған ауқымды концерт өтеді. Шараға қала әкімі Қуат Тұмабаев мұрындық болып отыр. Концерт барысында «әнші фонтанның» маңайында «Diana» тобы көпшіліктің сүйікті әндеріне айналған туындыларын орындайтын болады. Шара сағат 19:30-да басталмақ.

– Концерттік бағдарламаны таныстырып өтсек: сағат 19:30 – 20:00 «Diana» тобының концерті өтеді. Сағат 20:00 – 20:30 «әнші фонтанды» тыңдап, қызықтаған жұртшылық сағат 20:30 – 21:00 аралығында кавер топ өнерін паш етеді, – деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, шара кезінде көрермендер арасында EXPO-2017 көрмесіне билеттер ойнатылатын болады.