Өрт сөндірушілер Риддер қаласындағы пәтерді өрттен залалсыздандырды

569
көрілім
Шартты фотосурет.
Риддер қаласының Короткая көшесіндегі өрт кеше орын алды. Тілсіз жау жеке тұрғын үйдің жабыны мен ағаш шатырына дейін тараған. Өртсөндірушілер оқиға орнына дереу жетіп, үй ішіндегі газ болонын сыртқа алып шыққан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрттің жалпы аумағы 80 шаршы метрді құраған. Өрт сөндіру қызметкерлеріне тілсіз жауды толықтай залалсыздандыру үшін 1 сағат уақыт кетіпті.

Өрттің себебі – электр жабдықтарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін дұрыс сақтамаудан болуы мүмкін. Зардап шеккендер жоқ.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ