Өскемен аулаларында абаттандыру жұмыстары басталды

525
көрілім
Шартты фотосурет.

Облыс орталығында көп қабатты тұрғын үйлерге қарасты аулалар толық жөндеуден өтеді. Құзырлы орын жұмысқа келесі айдан бастап қызу кіріспек. Бұл туралы өскемендіктермен кездескен аймақ басшысы Даниал Аxметов айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Питер Коммунарлары көшесі жобаның шапағатын көретін  алғашқылардың бірі. Мұнда жүргіншілер жолағы мен көлік тұрағы кеңейтіледі. Балалар үшін арнайы ойын және спорт алаңқайлары қойылады. Қаланың өзге шағын аудандарында алдыңғы таңда дәл осы демде жаңарту жұмыстары басталмақ. Даниал Ахметов қала әкіміне бір айдың ішінде істі тыңдырып, абаттандыруды қажет ететін аулалар тізімін жасауды тапсырды.

– Өскеменнің аулаларын абаттандыру үшін облыстық бюджеттен 2 миллирд теңге бөлеміз. Келесі жылы жарықтандыру жұмысын жүргіземіз. Алдымен мектептер мен балабақшаларға, ауруxаналарға, одан кейін тұрғын үйлерге қарасты аулаларды қамтимыз. Сондай-ақ, қаладағы барлық аулаларға бейнекамералар орнатуды жоспарлап отырмыз. Тұрғындар тарапынан ұқыптылық танытуын сұраймыз, — деді облыс әкімі.

Өскеменде көше бойында тұрған 12 мыңға жуық шамдар жаңасына ауыстырылады. Ал ескілері аулаларға қойылады.