Өскемен билігі қала үйлерін көркейте алатын суретшілерді іздейді

845
көрілім

Облыс орталығының әкімдігі қала сәулетін «стрит-арт» бағыты арқылы көріктендірмек. Қазіргі уақытта әкімдік суретшілерді іздеп жатыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, суреттер арқылы қала көшелері жаңа көркем сипатқа ие болады.

Егер сәулет дизайнымен жұмыс жүргізуді қаласаңыз, қаламызды көркейтуге үлес қосуға шақырамыз, – деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Барлық ұсыныстарды vnpolit@akimvko.gov.kz және Kuatt@mail.ru электронды поштасына жіберуге болады.