Өскемен қаласында екі BMW көлігі соқтығысқан

536
көрілім
Фотосурет - әлеуметтік желіден.

4 тамыз күні облыс орталығындағы Тәуелсіздік даңғылында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Yk-avto.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскемен қалалық ІІБ-нің хабарлауынша, жол апатынан зардап шеккендер болған жоқ.

Оқиға түнгі сағат 1.53-те орын алған. BMW 523 автокөлігінің жүргізушісі 1988 жылғы азамат 30-шы Гвардиялық дивизия көшесінен Тәуелсіздік даңғылына қарай жүріп келе жатып, рұқсат етілген жылдамдықтан асырып жіберуінің салдарынан қатты сырғып кетеді. Осының салдарынан ол Тәуелсіздік даңғылында келе жатқан басқа BMW көлігімен соқтығысады, – дейді Ішкі істер бөлімінің баспасөз қызметі.

Жол-потрульдік полиция қызметкерлері BMW 523 автокөлігінің жүргізушісіне жол қауіпсіздігін сақтамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды.