Өскемен қаласында қазақша кәсіпкерлік мектебінің тегін шеберлік сағаты өткізіледі

749
көрілім
Жеке кәсібін ашқысы келіп жүрген өскемендіктер мен қала тұрғындары «Бизнес Бастау» қазақша кәсіпкерлік мектебінің шеберлік сағатына қатыса алады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

«Бизнес Бастау» қазақша кәсіпкерлік мектебінің шеберлік сағатында «Кәсіпкер табысын өзі тағайындайды. Әлде жалшы болғыңыз келе ме?», «Кәсіп бастауда қорқынышты қалай жеңесіз?», «2 айда қалай миллион табуға болады?», «Ақша жоқ болса, қалай бизнес бастайсыз?», «Әлем таныған адамдардың қай кітабын оқыған жөн?», «Бизнесіңізді алға бастыратын 8 құрал» сынды тақырыптар аясында әңгіме өрбитін болады. Шеберлік сағаты 7 шілде күні сағат 19:00-де Альшемали сауда үйінде (Мызы көшесі 16/1, 4 қабат) өтеді.

Кез келген сұрақтарыңыз болса 8 (747) 094 19 20 телефон нөміріне қоңырау соға аласыз. Бизнес Бастау» қазақша кәсіпкерлік мектебі жайлы толығырақ білгіңіз келсе biznes-bastau.kz сайтына кіруіңізге болады.