Өскемен қаласының полиция қызметкерлері жазғы киім үлгісіне ауысты

716
көрілім
Фотосурет Өскемен ҚІІБ алынды.
Сәуір айының 20 күні облыс орталығының «Алтай» стадионында қалалық полиция басқармасының дәстүрлі саптық байқауы өткізілді. Байқау тәртіп сақшылары киімінің жаздық үлгіге ауысуына байланысты ұйымдастырылды, деп хабарлайды buqara.kz сайтының тілшісі Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Саптық байқау полиция қызметкерлерінің саптық машығы мен жарғы ережелерін меңгеру дәрежесін тексеру мақсатында жүргізілді. Саптық байқауда, сондай-ақ құқық қорғау органы қызметкерлерінің сыртқы түрі мен маусымдық жабдықталу жағдайы да тексеріледі. Бүгінгі өткізіліп отырған салтанатты шарамыз Өскемен қалалық ІІБ жеке құрамының жаздық киім үлгісіне өтуімен қатар қызметтерін ары қарай өтеуге тас-түйін дайын екендіктерін дәлелдеді, – дейді Өскемен қалалық ІІБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ержан Бұланбаев.

Қызметкерлер өздерінің жүріс-тұрысымен, киім киісімен сақшыға лайық мәртебеге сай екендіктерін көрсетті. Байқаудың соңы тәртіп сақшыларының қаз-қатар тізілген саптық шеруімен жалғасты.

Азамат Темірбеков