Өскемен трамвайлары қысқа дайын

272
көрілім

Трамвай паркі қызметкерлері қоғамдық көліктің іші қыста жылы болатынына уәде берді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

«Өскемен көлік компаниясы» ЖШС қоғамдық көлік қызметкерлері қысқы суықтың басталуына мұқият дайындалғанын айтты. Арнайы төсеу материалы, ішкі оқшаулау және пештердің жұмысы арқасында трамвайлар аязда жылы болады.

Қазір трамвай паркі электронды билеттеуді іске қосатын құрылғыларды орнатуға дайындық үстінде.

- Қазіргі уақытта электрондық билеттеу жүйесіне арналған құрылғыларды күтіп отырмыз. Жабдықты орнату осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Біз оған дайынбыз, - деді көлік компаниясының директоры Михаил Чайка.