Өскемен тұрғындарын эстрада жұлдыздары Тәуелсіздік күнімен құттықтады

317
көрілім

Тәуелсіздік күніне орай Республика алаңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Кеше бүкіл ел болып Тәуелсіздік күнін атап өтті. ШҚО-да мерекеге арналған 400-ге жуық іс-шара өткізіліп, оған 5000-нан астам адам қатысқан.

Мысалы Семей қаласында көпфункционалды мәдени-спорт кешені ашылса, Өскеменде қысқы спорт маусымы басталып, бірнеше мұз айдыны іске қосылды.

Кеше, яғни 16 желтоқсан күні Өскемен қаласының Орталық алаңында ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарын жергілікті әртістер, сондай-ақ Қайрат Баекенов және «Формат» тобы құттықтады.

- Бұл болашақ үшін бірлігіміздің, достығымыздың мерекесі! - деп жазды ШҚО әкімі Даниал Ахметов әлуметтік желідегі парақшасында. - Мен еліміз жеткен барлық жетістіктерде шығысқазақстандықтардың қосқан үлесі маңызды екенін мақтанышпен айта аламын.