Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді

224
көрілім

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 25 жастағы қала тұрғынынан есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тінту барысында ер адамның қалтасынан лентамен оралған сарғыш түсті түйіршектер табылған.  
– Сарапшы қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 1,2168 грамм «а-пирролидиналерофенон» есірткісі  болып шықты, – делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігіне (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
–  Оның санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді, – деді ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Нариман Кульдиков.