Өскемен тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

615
көрілім

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында өңір полицейлері Өскемендегі гараждардың бірінде қоймаға жасырылған қару-жарақ арсеналын тапты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тәртіп сақшылары аймақтық қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп әрекет еткен.

– Тінту кезінде 7,62 мм калибрлі «ТТ» маркілі жауынгерлік тапанша;

Дәл сол тапаншада қосымша 9 мм-ден атуға арналған қолдан жасалған ауыстырылатын ұңғы болды;

- «ИЖ-18» маркілі кесілген шолақ мылтық;

- әртүрлі, оның ішінде тиісінше 5.45, 7.62 және 9 мм калибрлі 450 данадан астам мөлшерде оқ-дәрілер тәркіленді, – делінген мәліметте.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген барлық қарулардың жағдайы жақсы және атуға толық жарамды.

– Осы факті бойынша 47 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігінің санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов. – Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.