Өскемен тұрғынының қалтасынан кептірілген марихуана табылды

403
көрілім

Облыс орталығында қалтасына есірткі жасырған жігіт ұсталды, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиырма алты жастағы ер адамды тінту кезінде күртешесінің оң қалтасынан қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат пен екі қағаз түйіншек тәркіленді.
– Сараптама табылған заттардың жалпы салмағы 2,78 грамм болатын кептірілген марихуана екенін көрсетті. Есірткі сақтағаны үшін күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Баптың санкциясы 160 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жазаны көздейді.