Өскеменде 100 мың текше метрден астам қар шығарылды

339
көрілім

Коммуналдық қызметтер тәулік бойы көшелерді қардан тазартуда, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Бүгінгі таңда көшелерді қардан тазартуға 100-ге жуық техника жұмылдырылды. Олар тәулік бойына жұмыс істейді, - делінген әкімдіктің Instagram парақшасында. - Қыс басталғаннан бері қаладан 100 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Соған қоса күндізгі уақытта 100-ге жуық жұмысшы көшелерді қардан тазартумен айналысуда.